Қазақстан және Иран арасындағы тауар айналымы артады
<p style="text-align: justify;">Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Махди Сафаримен екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру аясында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының көлемін $3 млрд-қа дейін, оның ішінде агроөнеркәсіп кешені саласында $1 млрд-қа дейін ұлғайту мүмкіндігіне баса назар аударылды. Келіссөз нәтижесінде жақын арада Иранның ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары бастаған карантин және ветеринариялық сертификаттар саласындағы ирандық сарапшылар іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу үшін Қазақстанға келетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.