Қоғам
1 мин оқу 403

«Ұлытауға бардың ба?..»

<p style="text-align: justify;">Жаяулатқан арбалы жолаушынының Маната асуына ілігіп бара жатқанын көріп, &laquo;Ақсақал аман-сау Ақтауға жақындап қалған екен&raquo; деп іштей қуанғанмын. Қазақстанның 20 шақты қаласын жаяу басып, Маңғыстау даласында ұлы жолдың үстінде келе жатқан 72 жастағы қарияның жүрісі ширақ көрінді. Өзі ғана емес, сүйреп жүрген арба-жүгі де бар...</p>

«Ұлытауға бардың ба?..»

Жол бойындағы ауылдар тұр­ғындары мен кездескен жолау­шы­лардың ықыласына бөленіп, бірге суретке түсе жүріп 8 мың шақырымды жаяу еңсерген ұлытаулық жиһанкез Ақтауға жетті. «Ұлытауға бардың ба?..» деп ұрандатқан қарияның айтуынша, ол саяхатқа шығуды 6 жыл бойы армандаған екен. Бірақ тек осы жылдың наурызында ғана жүзеге асыруға мүмкіндік болған. Қария осы сапары арқылы бірнеше мақсатқа қол жеткізуді жоспарлаған.

– Бірінші мақсатым – Ұлытау өңірінің қазақ тарихында алатын орнын елге насихаттау. Екінші мақ­сатым – қазақтың ұлттық қолөнер шеберлерін түгендеп ЮНЕСКО-ға енгізу. Үшіншісі – ұмытылып кеткен қазақтың ұлттық қымыз мейрамын елге насихаттап түсіндіру, – деді Сәрсенбай Қотырашев.

Ұзақ сапарды аяқтап, Ақтауда журналистермен жүздескен ол сапары барысында тұрғындар көмектескенін, әсіресе азық-түлік, сусын әкелетіндер көп болғандығын, суретке түсуге құмар балалар саны арт­қанын жет­кізді.

Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы егде жаста

8 мың шақырым жолды жүріп өткен адам осы уақытқа дейін тіркелмегендіктен, 72 жастағы Сәрсенбай Қо­ты­ра­шевтың Гиннестің рекордтар кіта­бына енуі мүм­кін екендігін хабарлады. Ал жи­һан­кез болса енді әлемді шарлап, Қазақ­станды танытуды армандап жүр­генін айтады.            

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
«Ұлытауға бардың ба?..» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар