Спорт
1 мин оқу 174

Тоқаев тізімге ілікпеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футзалдан Қазақстан ұлттық құра&shy;масы алдағы сенбі күні 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирін бас&shy;тайды. Күні кеше құраманың бас жат&shy;тықтырушысы Рикардо Кака Сло&shy;&shy;&shy;вениямен өтетін алғашқы ойынға ша&shy;қы&shy;рылған футзалшылардың тізімін жа&shy;риялады.</p>

Тоқаев тізімге ілікпеді

Тізімге 16 ойыншы енген. Өкінішке қарай, ұлттық құраманың көшбасшылары, былтырғы Еуропа біріншілігінің үздік сұр­мергені Біржан Оразов пен Эдсон жара­қатына байланысты құрамаға шақыртылған жоқ. Сондай-ақ кейінгі уақытта тәуір ойынымен көзге түсіп жүрген Жомарт Тоқаев та тізімге ілінбей қалған. Фут­залдан Қазақ­стан ұлттық құрамасына мына ойыншылар шақырту алды: Қақпашылар: Игита («Қай­рат»), Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Ан­дрей Голубничий («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұр­сағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Азат Ва­лиул­лин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райым­бек Жұ­ма (екеуі де – «Каспий»), Евгений Кош­кин, Ақ­жол Дәрібай (екеуі де – «Ас­тана»), Серік Мә­житов («Бәйтерек»).

Қазақстан мен Словения арасындағы матч 8 қазан күні Астанадағы Жақсылық Үш­кем­пі­ров атындағы «Жекпе-жек» сарайын­да өтеді.

Бөлісу:
Тоқаев тізімге ілікпеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар