Қоғам
1 мин оқу 214
Орал мектептерінің бірінде оқушы көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 4 қазан күні Орал қаласында болды. 10-сынып оқушысы таңертең мектепке келіп, сабақ алдында есінен танып қалған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жергілікті БАҚ мәліметінше, бала осы оқу орнына биыл ауысқан. Дәрігерлердің айтуынша, оқушы медициналық диагнозбен есепте тұрған.
«Қоңырау 8:09-да түсті. 2007 жылы туған бала фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болды», делінген Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы таратқан ақпаратта.
Оқиғаның себебін анықтау мақсатында тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу: