Жаңалықтар
1 мин оқу 266

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №384

2014 жылғы 22 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында: 2-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың және одан көп айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған кезде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша; ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болған кезде – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген шешімі бойынша;». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Бөлісу:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №384 · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар