Теннис
1 мин оқу 160
Төртінші орынға тұрақтады
<p style="text-align: justify;">Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жат­қан үстел теннисінен коман­да­лық әлем чемпионатында Қазақ­стан құра­масы топтан шыға алма­ды.</p>

Соңғы турда Үндістан құрамасымен ойнаған жерлестеріміз 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Екі ел арасындағы тартысты бәсекеде Кирилл Герасименко екі матчта қарсыласынан басым түссе, Денис Жолудев (екі мәрте) пен Алан Құрманғалиев үндістандық спортшыларға жол берді.
Үндістан құрамасы осы жеңісінен кейін екінші топта көш бастап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал топтық кезеңде тек Өзбекстан құрамасын ғана жеңіп, Франция мен Германиядан жеңілген Қазақстан өз тобында 4-орынға тұрақтады. Десе де, биыл ұлттық құрама алғаш рет таңдаулы 32 елдің қатарына қосылды.
Бөлісу: