Бокс
1 мин оқу 421

Қанат Ислам салмақ өлшеу рәсімінен өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы, &laquo;қазақ&raquo; лақап аты бар Қанат Ислам (28-1, 22 КО)&nbsp; АҚШ-та өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.sports.kz/news/kanat-islam-proshel-vzveshivanie-pered-boem-v-ssha">Sports.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Аргентина өкілі, «Құбыжық» лақап аты бар Хавьер Франсиско Макиэльмен (34-17, 23 КО) жекпе-жек қарсаңында қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесінде қалды. Жекпе-жек 7 қазанда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді.

Ислам соңғы жекпе-жегін британдық боксшы Джимми Келлиге (26-3, 10 КО) қарсы өткізіп, екіге бөлінген шешіммен жеңілді. Жекпе-жек орта салмақтағы WBO Global титулы үшін өтті.

Бөлісу:
Қанат Ислам салмақ өлшеу рәсімінен өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар