Аймақтар
1 мин оқу 260

Павлодар облысындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Жол апаты Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының маңындағы Ленинский-Курчатов автожолының 55 шақырымында орын алды, деп</span><span class="s2"> хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Нива» маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі жолдың оң жағында ілеспе бағытта тұрған «КАМАЗ-5320» автокөлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

«ЖКО салдарынан 1982, 2010 және 2016 жылы туған «Нива» автокөлігінің жолаушылары оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. «Нива» жүргізушісі мен «КАМАЗ-5320» автомашинасының жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:
Павлодар облысындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар