Білім
1 мин оқу 150

Министрлік Алматыда үйсіз қалған студенттер туралы бейнероликке жауап берді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі үйсіз жүрген студенттер бейнеленген видео авторларын немесе кейіпкерлерін ведомствоға жүгінуді сұрайды. Қажет болған жағдайда министрлік көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Еске сала кетсек, Алматы қаласында студенттерді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жедел штаб жұмыс істейді. «Студенттер көмек алу үшін +77786556083 нөміріне жүгіне алады. Сонымен қатар, тұрғын үйді заңсыз көшіру немесе жалға алу құнын арттыру жағдайында азаматтар құқықтық көмек алу үшін Әділет министрлігінің call-орталығына 119 (қалалық телефон үшін) немесе Астана, Алматы қалалары үшін 58-00-58 нөмірі бойынша жүгіне алады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстанда білім және ғылым саласындағы мәселелер бойынша бірыңғай call-орталық жұмыс істейді - 1450.

Сонымен қатар, барлық жоғары оқу орындарында студенттер, олардың ата-аналары, оқытушылар қажетті көмекке жүгіне алатын қоғамдық қабылдау бөлмелері де құрылды.

Бөлісу: