Хоккей
1 мин оқу 132

Қазандағы жеңіс

<p style="text-align: justify;">Елорданың &laquo;Барысы&raquo; Құрлықтық хок&shy;кей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Татарстанның бас шаһары &ndash; Қазан қаласында өткізіп, жергілікті &laquo;Ак Барс&raquo; клубынан басым түсті.</p>

Қазандағы жеңіс

Қазандағы «Татнефть Арена» мұз сарайында жеті мыңға жуық жанкүйердің қаты­суымен өткен ойында елордалықтар матч тағдырын небәрі екінші кезеңнің өзінде шешіп тастады. Бірінші кезеңнің 18-минутында «Барыс» сапынан қазақстандық қорғаушы Самат Данияр мергендігімен көзге түсіп, осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Үзілістен кейін айдын иелері сан басымдығын пайдаланып, 22-минутта таразы басын теңестірді. Голдың авторы – Кирилл Петров. Дегенмен жергілікті жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Арада бес минут өткенде Әділ Бекетаев нысананы дәл көздеп, ойындағы және өзінің осы маусымдағы екінші шайбасын соқты.

Кейіннен 32-минутта «Барыстың» канада­лық шабуылшысы Линден Вей сан басымдығын жүзеге асырып, таблодағы көрсеткішті 1:3-ке жеткізді. Екінші кезеңнің аяқталуына төрт минут қалғанда Артём Галимов есеп айырмасын қыс­қартқанымен, қалған уақытта «Барыс» есептегі басымдығын сақтап қалды – 2:3. Мұның алдында жерлестеріміз Нижний Новгородта «Торпедодан» 3:1 есебімен же­ңіліп қалған болатын. 17 ұпаймен «Шығыс» кон­ференциясында алтыншы тұрған «Барыс» алдағы бес ойынды енді елордада өткізеді. Ертең Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын қабылдайды.

Бөлісу:
Қазандағы жеңіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар