Оқиға
1 мин оқу 440
Өскеменде шаңғы базасынан өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Құрғақ шөптің өртенуі Согра ауданындағы өрттің шығуына себеп болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
«Куәгерлердің айтуынша, іргедегі бірнеше ғимарат пен лифт жанып кеткен, өрт бір тұрғын үйді де шарпыған. Қазір өрт ауыздықталды. Жағдай бақылауда. Барлық тұрғындарға қажетті көмек көрсетіледі. Осыған байланысты Согра ауданында электр жарығы өшірілді», деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дәл қазір Новояленка ауданында жалын әлі де шарпып тұр.
Бөлісу: