Білім
1 мин оқу 440

Елордада Future School мектеп-балабақшасы ашылды

<p style="text-align: justify;">Бүгінде елордада білім саласындағы бірқатар инвестициялық жоба іске асырылып келеді. Солардың бірі - Future School жалпы білім беретін мектебі бүгін алғашқы оқушыларын қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана әкімдігінің ресми сайтына <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/437778?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Мекеменің бірегейлігі - 440 кіші буын оқушылары мен 120 балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «мектеп-балабақша» форматында қызмет көрсетуі. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған.

«2009 жылдан бастап білім беру нарығына қатысып келеміз, бізде 2 «Ақбөпе» балабақшасы болды, содан кейін ата-аналар сұрағандықтан, бізге одан әрі жалғастыру туралы ой келді. Мұндай мүмкіндік 2019 жылы пайда болды. Бірден инвестициялық келісімшарт жасадық, бұған бізге Инвестициялар жөніндегі басқарма, Инвестициялар жөніндегі комитет көп көмектесті, біздің өтінімдерімізді қарап, бізге бір гектар жер учаскесін бөліп берді. Құжаттарды рәсімдеу 1 жылға созылды. Осыдан кейін біз мектеп салуды бастадық», деді «Future School» құрылтайшысы Арман Бірімжанов. 

.

Айта кетсек, «балабақша-мектеп» форматы білім беру саласында белгілі бір тәжірибе жинақталғаннан таңдалды.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаны толық жүргізген «Астана Инвест» компаниясы үлкен ұйымдастырушылық көмек көрсетті. 

н

н

Бөлісу:
Елордада Future School мектеп-балабақшасы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар