Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізіледі
<p style="text-align: justify;">Бүгін Сенат Бюросының отырысы өтті. Онда 2022 жылғы 13 қазанға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Сенаттың баспаөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Алдағы бейсенбіде депутаттар «2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.
Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара іс-әрекеттер тетігін жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар Сенат отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралады.
Бұл Келісім жеке тұлғалардың ЕАЭО-дан тыс жерлерде қолма-қол ақша қаражатын өткізуі бойынша ақпарат алмасуды көздейді.
Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.