Түрікменстан президенті Қазақстанға келеді
<p style="text-align: justify;">Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов 15 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Мемлекет басшысының шақыруымен 15 қазанда Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік сапары өтеді. Сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатын жылы өтуде. Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан-Түркіменстан стратегиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған», деді Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте.
Ресми өкілдің айтуынша, сапар барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Шара нәтижесінде бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.