Спорт
1 мин оқу 395

Армия спортшылары самбодан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Ақтаудағы &laquo;Маңғыстау-аренада&raquo; спорттық және жауынгерлік самбодан Азия кубогына халықаралық жарыстар өтті. Онда 9 елден 200-ге жуық спортшы күш сынасты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Турнирге Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілдері де белсенді қатысқан.

«Жарыста әскери спортшылар 4 медаль жеңіп алды. Өз салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ефрейтор Арнұр Қуатай, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы спорт ротасының жауынгерлері Әсет Анарбаев пен Есентай Имаханов жеңімпаз атанса,  Жасұлан Нариманов екінші орынды иеленді», деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы өкілдерінің жетістіктері Қазақстан құрамасының турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңіске жетуіне елеулі үлес болды.

Бөлісу:
Армия спортшылары самбодан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар