Аймақтар
1 мин оқу 240

Бабын тапсаң, балыққа кенелесің

<p style="text-align: justify;">Көк мұнарлы Көкшетау мен үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлді Қорғалжынның арасындағы кең көсілген далада мыңнан астам көл бар. Ғалымдардың сараптауына үңілсеңіз, 531 көлде балық өсіруге әбден болады екен.</p>

Бабын тапсаң, балыққа кенелесің

Әйтсе де, Көкшетау көлде­ріндегі балықтың басым бөлігі баға­лы балық түріне жата қой­майды. Алдағы уақытта осы бір олқылықтың орнын толтыру мүмкіндігі туып тұрғандай. Таяу­да Бурабай ауданына қа­расты Ақыл­бай ауылында форель өсіруге арналған жабық орын пайдалануға берілді. Осы бір тәуекелді істі қол­ға алған «Biosphere-fish» ЖШС директоры Руслан Қуатов алдымен нарықты, кейін осы өңірде бағалы балықты өсіру жайын зерттеген. Несі бар, мықтап қолға алса, оңынан оңғарылатын тәрізді. Қабырғасымен кеңесе келе, ай­на­­лысуға шешім қабылдаған. Бағалы балықты өсіру үшін көп жұмыс істеу керек екен. Ең бас­тысы, экологиялық таза өнім. Бүгінгі тұтынушының іздейтіні де осы.

п

– Сыйымдылығы 25 текше метр болатын арнайы бассейндер дайындалды. Оған Франциядан жеткізілген форельдің алғашқы легі, яғни 70 мыңға жуық шабақ жіберілді, – дейді Р.Қуатов. – Сыры беймәлім бағалы балық біздің мөлдір суға үйреніп, өсе бастаған уақытта санын да көбейтуді межелеп отырмыз.

Кәсіпорынның жобалық қуа­ты жылына 40-50 тонна ба­лық өндіруге толық жетеді. Шын­туай­тында, бұл – елең еткізерлік жаңа­лық. Бұған дейін дәл осындай бас­тама Қорғалжын, Целиноград аудан­дарында қолға алынған болатын.

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы

Бөлісу:
Бабын тапсаң, балыққа кенелесің · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар