Экология
2 мин оқу 340

Тазалық бастамасы

<p style="text-align: justify;">Абай облысының жастары Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен қолға алынған EcoStudentKZ экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырып, Семейдің көрікті жерлерін тұрмыстық қалдықтан тазартты.</p>

Тазалық бастамасы

Бұл орайда қазан айынан басталған акция еліміздің барлық өңірінде іске асып жатқанын айта кеткен орынды. Семейде оның өтуіне Alikhan Bokeikhan University студенттері бас­та­машылдық танытқан.

«Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі жанындағы кеңестің ұйым­дастыруымен қазанның 2-інен елі­міздің оқу орындары арасында Eco­Stu­dentKZ экологиялық акциясы бас­тал­ған болатын.

Осы ретте Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University сту­дент­терінің бастамасымен, сол се­кіл­ді шаһардағы жоғары оқу орындары студенттерінің қолдауымен республикалық акцияға өз үлесін қосу үшін жастар Бейбітшілік аралына жиналып, аумақты тұрмыстық қалдық пен қоқыстан тазартуды ұй­ғарды.

Аталған іс-шараға қаладағы 5 оқу орнының студенттері қатысты. Тұтастай алғанда, 150-дей студент осы акцияға қатысуға ниет танытты. Олардың қатарында Alikhan Bokeikhan University-ден 76 студент, Семей медицина университетінен 20 студент, Р.Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінен 15 студент, Innovative college білім беру ұйымынан 15 студент және М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжден 15 студент бар», деді ұйым­дастыру комитетінің өкілі Ерсін Мұратхан. 

Семейдегі экологиялық акцияға студенттерден бөлек саябақта серуен­деп жүрген мектеп оқушылары да атсалысып, шаһарды тазартуға кө­мектесті.

Семей халқы жастардың бас­тамасына ризашылықтарын жеткізіп, алдағы уақытта облыс орталығының басқа аудандарын бірлесіп тазартуға дайын екендерін білдірді.

Тұтастай алғанда, сол күні 80 қап қоқыс жиналып, Бейбітшілік ара­лын ажарлана түсті. Таяу уа­қыт­та ұйым­дастырушылар осын­дай эко­ло­гиялық акцияларды қа­ла­лық және облыстық денгейде жал­ғас­ты­ру­ды көздеп отыр.

Абай облысы

Бөлісу:
Тазалық бастамасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар