Қоғам
2 мин оқу 510

Көлік ұрлығы көп

<p style="text-align: justify;">Елімізде жыл басынан бері 909 автокөлік ұрланып, оның 775-і табылған. Көлік ұрлы&shy;ғына кәсібиленген қылмыскерлердің жалғыз жүрмейтіні анық. ІІМ-нің дерегіне қарағанда, жыл басынан бері 19 қылмыстық топ құрық&shy;талған. Көбіне Toyota және Lexus маркалы автокөліктер ұрланады екен.</p>

Көлік ұрлығы көп

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітовтің айтуынша, еліміздегі «қара нарыққа» автокөліктердің негізгі бөлігі таяу шетелдерден, көбіне Ресейден әкелінеді.

– Бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Осы бағыттағы жұмыстар елімізде 2017 жылғы желтоқсанда ратификациялаған «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы келісім» негізінде жүргізіледі. Халықаралық шартта өзара қарым-қатынас нысандары, қажетті ақпараттық базаларды қалыптастыру және қолдау, ұрланған автокөлікті қайтару мерзімдері және оларды қайтарудан бас тарту негіздері нақты жазылған. Осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде соңғы 5 жылда ТМД елдерінде Қазақстанда ұрланған 50-ден астам автокөлік табылды. Өз кезегінде, біздің елімізде достастық мемлекеттерінің аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлік іздестірілді, – дейді Қ.Нұрсейітов.

Көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтау қажет. Ешуақытта автокөлікті есігін ашық және кілтімен қалдырмаңыз; көлікті түнде тұраққа қойғанда гаражды немесе күзетілетін тұрақты пайдаланыңыз; қылмыскер сіздің көлігіңізді тез иемденбеуі үшін тиісті шаралар қабылдаңыз: оны электронды және механикалық ұрлыққа қарсы құрылғылармен және GPS маяктары бар ұрлыққа қарсы кешендермен жабдықтаңыз; автокөлік салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыз; басқа мемлекетте тіркелген автокөлікті сатып алғанда, әртүрлі интернет сайттар ұсынатын қызметтер арқылы қолда бар деректер бойынша автокөліктің «тазалығын», яғни бұрын ұрланған-ұрланбағанын тексеріңіз!

Бөлісу:
Көлік ұрлығы көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар