Қазақстан
1 мин оқу 330

Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайды

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов&nbsp;Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайтынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайды

Ақордада министр елдердің әскери-өнеркәсіптік кешендері бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Баға бермеймін. Егер біз мемлекетімізге тиімді деп есептесек, өз мүддемізге сай жолмен жүреміз. Бүгінгі күнге дейін бізде ешқандай проблема жоқ. Барлығы шарттық міндеттемелер аясында», деді Руслан Жақсылықов.

Министрдің айтуынша, Әскери ынтымақтастыққа қатысты елдермен барлық мәселелер пысықталған. Сондықтан Путиннің Астанаға сапары аясында әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланбайды.

Жансая ӘНУАР

Бөлісу:
Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар