Қаржы
1 мин оқу 170

Күндіз теңге бағамы әлсіреді

<p style="text-align: justify;"><a href="https://kase.kz/ru/news/show/1489830/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">KASE</a> Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 477,89 теңгені құрап, тағы 2,66 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,45 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы біршама көтеріліп, 66,85 теңгені (+0,93) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 460,65 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 477-480 теңгеден, еуроны - 465-470 теңгеден, ресей рублін - 6,9-7,2 теңгеден сатып алады/сатады.

Айта кетсек, бүгінгі сауда-саттық барысында мұнай бағасы төмендеді.

Мәселен, Brent маркалы желтоқсан фьючерстерінің құны 0,49%-ға төмендеп, барреліне 93,83 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,63%-дан 88,79 долларға дейін төмендеді.

Бөлісу:
Күндіз теңге бағамы әлсіреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар