Экономика
1 мин оқу 283

Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады, деп хабарлайды <a href="https://krisha.kz/content/news/2022/ceny-na-arendu-nachali-snizhat-sya-v-kazahstane">krisha.kz.</a></p>

«Ресейде мобилизация басталғаннан кейін, Қазақстанда пәтерді жалға беру күрт қымбаттаған еді. Енді міне, қалалардағы жалға берілетін пәтерлер бағасы төмендей бастады», делінген сайттағы материалда.

Мониторингке сәйкес, 5-12 қазан аралығында Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай, Атырау қалаларында баға – 10%-ға төмендеген.

к

Ал Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында керісінше қымбаттаған динамиканы көруге болады. 

«Алматыда әзірге төмендеу байқалмады, бұл ішінара нарықтың өзгеруінен және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты», деп көрсетілген.

Бөлісу:
Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар