Ильхам Әлиев Астанада өтетін іс-шараларға қатысады
<p style="text-align: justify;">Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Астанада өтетін ірі халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Премьер-Министр Әлихан Смайылов құрметті қонақты елорда әуежайында қарсы алды.
Ильхам Әлиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп күтілуде.
Еске сала кетсек, 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Саммитке Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады.
14 қазанда Астанада Достастықтың жоғары органы – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Іс-шара барысында ТМД алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатты қарау және қабылдау жоспарланған.