Қоғам
1 мин оқу 522
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Астанаға келді
<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында бірқатар халықаралық шараға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Өзбекстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке (12-13 қазан), ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына (14 қазан) және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне (14 қазан) қатысады.
Бөлісу: