Қазақстан
1 мин оқу 195

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

<p style="text-align: justify;">13 қазанда еліміздің басым бөлігіде жауын-шашын&nbsp;болмайды, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК ұсынған мәліметке сілтеме жасап.</p>

«Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстікте, шығыста тұман болады», деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус аяз сақталады.

Астана қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +17…+19°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +20…+22°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +23…+25°С болады.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар