Президент
1 мин оқу 380
Түрікменстан АӨСШК-ге бақылаушы ретінде қосылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бақылаушылары мен серіктестерінің саны ұлғайғанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Түркіменстан АӨСШК-ге бақылаушы ретінде қосылды. Еуразиялық экономикалық одақпен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығымен ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылданды», деді Мемлекет басшысы Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде сөйлеген сөзінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін АӨСШК қоры құрылатынын айтты. Оның мақсаты – АӨСШК жобаларын таңдаудың және оларды жүзеге асыру үшін ерікті қаражат жинаудың арнайы механизмін құру.
Бөлісу: