Қоғам
1 мин оқу 160

Қазақстандықтар 164 мың адамға көбейді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, жыл басынан бері халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8%-ға өсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2022 жылдың 1 қыркүйегі қазақстандықтардың саны 19 млн 666 мың 800 адамды құрады. Бұл ретте қалаларда 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%), ауылдық жерлерде 7 млн 535 мың 700 адам (38,3%) тұрады.

Республика халқының табиғи өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 ай ішінде 3,6% ға төмендеп, 172,4 мың адамды құрады.

АХАТ органдарының деректері бойынша қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 263,8 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11%-ға аз.

Көрсетілген уақыт аралығында 91,4 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 22,3%-ға аз.

Сәбилер өліміне келетін болсақ, бұл көрсеткіш те 5,8%-ға төмендеді.

Бөлісу:
Қазақстандықтар 164 мың адамға көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар