Қоғам
1 мин оқу 330

Қазақстаннан 18 мыңнан астам адам көшіп кеткен

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында&nbsp;елге 9 595 адам көшіп келсе, 18 275 адам көшіп кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл ретте көші-қон алмасу ТМД мемлекеттерімен жүреді. Мәселен, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,4%-ды құрады.

Статистикаға қарағанда, еліміздің өңірлері шегінде қоныс аударатын мигранттар саны 2,1%-ға азайды.

Ішкі мигранттардың ішіндегі 24 711 адам Алматы қаласында, 22 960 адам Астанада және 2 154 адам Шымкентте қоныстанды.

Бөлісу:
Қазақстаннан 18 мыңнан астам адам көшіп кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар