Оқиға
1 мин оқу 323

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында 52 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. Жарақат алған 9 жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</p>

Оқиға бүгін Самара-Шымкент тас жолының Ақжар ауылының тұсында болды. «Сетра» жолаушылар көлігінің жүргізушісі көлікті сол жақ кюветке аударып алған.

Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы ауысымға бара жатқан күзет органдарының қызметкерлері еді.

Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен 9 жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар