Биыл елордаға қанша инвестиция тартылды?
<p style="text-align: justify;">Астана әкімі Алтай Көлгінов Моңғолияның вице-премьер-министрімен кездесті. Тараптар бірқатар облыстағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
«Моңғолияның вице-премьер-министрі Сайнбуянгийн Амарсайхан, еліміздегі Моңғолияның Төтенше және Өкілетті елшісі Доржийн Баярхуу және т.б. кездесу өткіздік. Білім, мәдениет, сауда, экономика, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту шараларын талқыладық», деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.
Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала мен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасап, инвесторларға жан-жақты сервистік қолдау көрсетіліп жатыр.
«2020 жылы елорда экономикасына 1,1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылса, 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам тартылды. Ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 900 млрд теңге тартылған-ды. Бірінші кезекте тұрғындар мен қалаға қажетті жобаларды қолдаудамыз», делінген әкім жазған хабарламада.
