Спорт
1 мин оқу 325

Қазақстандық шахматшы Әзербайжанда алтын еншіледі

<p style="text-align: justify;">12 жасар шахматшы Сауат Нұрғалиев 2022 жылдың 1-11 қазан аралығында Әзербайжанда өткен 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жеке есебінде алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жалпыкомандалық есепте Қазақстанның жастар құрамасы үздік төрттікке енді. Командаға Даниил Сапунов, Әмина Қайырбекова, Алуа Құрманова, Иманғали Ақылбай, Ілияс Сәбитов және Самат Нұрғалиев кірді.

«Жас қазақстандықтар соңғы турға дейін күресті. Ең бастысы, балалар дайындықтың өте жоғары деңгейін көрсете алды. Жеке есепте Сауат Нұрғалиев алтын медаль жеңіп алды, ал Иманғали Ақылбай қола медаль иеленді», деп атап өтті құрама капитаны Павел Коцур.

Бөлісу:
Қазақстандық шахматшы Әзербайжанда алтын еншіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар