Спорт
1 мин оқу 251

Жалғас АҚШ-та жұдырықтасады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең бе&shy;делді &ndash; UFC ұйымында өнер көрсе&shy;тетін қазақстандық спортшы Жалғас Жұ&shy;мағұловтың (14-7) келесі айқасы қашан өтетіні белгілі болды.</p>

Жалғас АҚШ-та жұдырықтасады

UFC кештерінде 5 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіске жеткен отандасымыз Жалғас Жұмағұлов осы ұйымдағы алтыншы айқасын 19 қарашада америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) өткізетін болды. Бұл туралы UFC-дің әлеуметтік желідегі ресми парақ­шасы мәлімдеді. Ч.Джонсон ең кейінгі кез­десуін Англияда жергілікті спортшы Мухам­мад Мокаевпен өткізіп, үш раундтың қоры­ты­ндысы бойынша төрешілердің бір­ауыз­дан шы­ғарған шешімімен жеңіліп қал­ған еді.

Жұмағұлов пен Джонсон арасындағы кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан (Невада штаты) UFC Apex аренасында өтеді деп жоспарланған. Қазақстандық файтер 2020 жылдың шілдесінен бастап америкалық промоушенмен келісімшартқа отырып, осы ұйым аясында жұдырықтасып келеді.

Бөлісу:
Жалғас АҚШ-та жұдырықтасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар