Футбол
1 мин оқу 330

Плей-оффтағы бес клуб

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі төртінші тур ойындары мәресіне жетіп, доп додасының келесі кезеңіне шыққан бес команда белгілі болды.</p>

Плей-оффтағы бес клуб

Атап айтар болсақ, А тобында өнер көр­сетіп жатқан Италияның «Наполи» командасы төрт турда 12 ұпай жинап, екі тур бұрын плей-офф жолдамасын иеленді. Сондай-ақ

В тобындағы Бельгияның «Брюггесі» Мадрид­те «Атлетикпен» тең ойнап (0:0), өз тарихында тұңғыш рет 1/8 финалға шықты. С тобындағы «Бавария» да қатарынан төрт ойында жеңіске жетіп, плей-офф мәселесін шешіп қойды.

Сонымен қатар Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы Мадридтің «Реал» (F тобы) және Англияның «Манчестер Си­тиі» (G тобы) де 100 пайыздық көрсет­кіш­пен мерзімінен бұрын плей-офф сатысына жолдама алды.

Бөлісу:
Плей-оффтағы бес клуб · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар