Ауыр атлетика
1 мин оқу 380

Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Арай Нұрлыбекова Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бахрейндегі Азия чемпионатында ұлттық құрамамыздың қоржынына екінші күміс жүлде түсті. Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшымыз 221 (97+124) келі салмақты бағындырып, бөлек жаттығуларда екі қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Асылжан Бектай мен Зүлфия Чиншанло алтын иеленсе, Арли Чонтей күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бөлісу:
Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар