Қазақстан
1 мин оқу 381

ІІМ ресейлік мигранттар туралы видеоға қатысты түсініктеме берді

<p style="text-align: justify;">Telegram-арналардың бірінде ер адамды ұрып-соққан видео жарияланды. Оқиға Қазақстанда болған деген болжам бар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://stopfake.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Stopfake.kz-ке</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Видеоның түсіндірме сөзінде зардап шегуші – Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуылдаушылар – Қазақстан азаматтары екені жазылған. Видео бойынша жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп болған. ҚР ІІМ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне дәлел жоқ.

– Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осы видео бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар полицияға өтініш түскен жоқ, – деп түсіндірді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл кадрларды Қазнет пайдаланушылары да талқылауда. Мысалы, блогер Ұлан Әбішев ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған бұл видеоны қойылым деп санайды.

«Түрлі ақпараттың, фейктердің көп таралуы, сайттарға жасалған DDoS-шабуылдар – біреулер Қазақстанға қатысты ақпараттық науқан жүргізіп жатқанға ұқсайды», деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Бөлісу:
ІІМ ресейлік мигранттар туралы видеоға қатысты түсініктеме берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар