Қазақстан
1 мин оқу 391

Қостанайда жалған ақша жасағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында жалған ақша жасау фактісі бойынша бір топ қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады», деді қаржылық мониторинг агенттігі.

Қылмыскерлердің бірінен жалпы сомасы $28,1 мың АҚШ долларды тәркіленген. 

«Заң бұзушылар ұсталды, тергеуге қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қостанайда жалған ақша жасағандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар