Қаржы
1 мин оқу 240

Доллар бағамы белгілі болды

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 476,89 теңгені құрап, 2,16 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,53 теңгеге дейін өсті (+0,01).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 66,48 теңгені (-0,39) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 466,14 теңгеге белгіледі. Кешегі сауда-саттықта еуро бағамы 464,20 теңгені құраған.

Айырбастау пункттерінде долларды 476-479 теңгеден, еуроны - 462,5-468 теңгеден, ресей рублін - 7-7,35 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 14 қазандағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Мәселен, желтоқсандағы Brent фьючерстерінің құны 0,76%-ға төмендеп, барреліне 93,85 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстері қараша айында барреліне 0,66%-дан 88,52 долларға дейін төмендеді.

Бөлісу:
Доллар бағамы белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар