Болашақтың айқын бейнесін сақтау маңызды - Тоқаев
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан саммитте Орталық Азиядағы ынтымақтастық туралы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Әлемде орын алып жатқан қазіргі қиын кезеңде біз үшін болашақтың айқын және позитивті бейнесін сақтау бұрынғыдан да маңызды», деді Президент сөз басында.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы ынтымақтастық туралы көзқарасын білдірді.
«Біріншісі - қауіпсіздік. Біздің елдеріміздің достастығы мен ынтымақтастығы тағдырдың өзімен алдын-ала белгіленген. Біз ортақ тарихымызды қорғап, халықтарымыздың әл-ауқаты үшін біртұтас болашақ құруымыз керек. Біздің мемлекеттеріміздің әрқайсысындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аймақтың дамуына тікелей әсер етеді», деп атап өтті Мемлекет басшысы.