Президент
1 мин оқу 570

Қазақстан Ресейге экспорт көлемін арттыруға дайын

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына экспортты арттыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды,&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазіргі таңда өндірістік қуаттарымызды дамыта отырып, біз өзара тиімді негізде шетелдік өнімдердің көптеген түрлерін бір - бірімен алмастыра аламыз. Экспорттық-импорттық операцияларды талдау бұл бағытта кең мүмкіндіктер барын көрсетеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия-Ресей» саммитінде.

Осыған байланысты Президент мысалдар келтірді.

«Мәселен, Қазақстан Орталық Азия елдеріне экспортты 1 млрд долларға арттыруға дайын. Сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Ресей Федерациясына жеткізуді 1 миллиард доллардан астам көлемде ұлғайта аламыз. Өңірдің басқа мемлекеттерінде де осындай ресурстар бар екеніне сенімдімін», деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Қазақстан Ресейге экспорт көлемін арттыруға дайын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар