Оқиға
1 мин оқу 290

Бейнеуде көлік өртеніп, жарылып кетті

<p style="text-align: justify;">Бейнеуде автокөлік өртеніп, жарылған. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Оқиға 13 қазан күні Бейнеу ауылында болған. Сағат 14:38 шамасында өрт сөндіру бөліміне 1993 жылғы «Ауди» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен алты адам жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ көліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалған.

Бөлісу:
Бейнеуде көлік өртеніп, жарылып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар