Қазақстан
1 мин оқу 230

Жексенбі кей өңірлерде жел күшейеді

<p style="text-align: justify;">16 қазан күні Қазақстанның 5 облысында тұман түсіп, күшті жел тұрады, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-на сілтеме жасап.</p>

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Абай облысының батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

16 қазан күні таң ата және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түседі.

Оралда 16 қазанда түнде және таң ата тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарына таң ата және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

16 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таң ата тұман түседі.

Бөлісу:
Жексенбі кей өңірлерде жел күшейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар