Оқиға
1 мин оқу 160
Қазақстаннан мұнай өнімін шығармақ болғандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысының «Жайық» темір жол өткізу пунктінде ел аумағынан шығарылмақ болған мұнай өнімдерінің контрабандасы ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Жағар май тиелген 20 цистерна битумдық лактарды ерітетін «Уайт-спирит» ретінде көрсетілген. Жүк процессуалдық шешім шығару үшін облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.
Еске сала кетейік, бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін елден шығаруға уақытша шектеу енгізілген.
Бөлісу: