Әлем
1 мин оқу 153

Венесуэлада көшкін салдарынан 50 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Венесуэлада толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған көшкін мен сел құрбандарының саны 50 адамға жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Жергілікті билік елдің солтүстігіндегі Арагуа штатында іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Құтқару жұмыстарына 3200 адам қатысуда. Сондай-ақ 30 бірлік техника жұмылдырылған. Еске салсақ, 12 қазанда президент Николас Мадуро апат аймақтарын аралап, зардап шеккендер саны жүз артуы мүмкін деп қауіптенген еді.

Бөлісу:
Венесуэлада көшкін салдарынан 50 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар