Саясат
1 мин оқу 390

Адал сайлау жолында

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан заңгерлер одағы&raquo; республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды ұсыну мәселелері бойынша &laquo;Адал сайлау үшін&raquo; штаб мүшелерінің брифингі өтті.</p>

Адал сайлау жолында

Штаб мүшелері, заңгерлер Еркін Оңғарбаев, Ермек Әбді­ра­сұлов, Индира Әубәкірова, Марат Бәшімов, Әбдікәрім Ақ­жанов қоғамдық алаңда қол­жетімді дереккөздерді пайдалана отырып, сайлау үдерісінің барысы туралы ағымдағы жағдайға түсініктеме берді.

Е.Оңғарбаев штабтың жұ­мысы туралы қысқаша баяндап, штаб мүшелерінің консти­туциялық реформа ережелерін құқықтық сүйемелдеу, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, өңірлердегі сайлау үдерісіне қатысушыларға құ­қық­тық көмек көрсету жөнін­дегі белсенділігін атап өтті.

Өз кезегінде профессор Е.Әб­дірасұлов Орталық сайлау ко­миссиясы қабылдаған шешім­дердің ашықтығын атап өтті. «Орталық сайлау комиссиясы­ның ресми сайты – негізгі дереккөзі, ол жерден кез келген азамат Қазақстан Республикасының президент­тігіне кандидаттарға қатысты қабылданған шешім­дермен таныса алады», деді ол. Сондай-ақ спикер канди­даттардың заң талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы шешімдеріне, жекелеген кандидаттарды тіркеуден бас тарту себептеріне егжей-тегжей тоқталды.

И.Әубәкірова Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сай­лау комиссияларының прези­денттікке кандидатты қолдауға қол қоюдың дұрыстығын тексеру мерзімін он күннен бес күнге дейін қысқартқанын атап өтті.

Профессор М.Бәшімов бүкіл сайлау үдерісі бұқаралық ақпа­рат құралдары, өңірлердегі ең­бек ұжымдарымен кездесулер арқылы сайлаушылардың наза­­рына офлайн және онлайн фор­­матта жеткізілетінін айтты. Со­ны­мен қатар сайлау заң­нама­сын бұзғаны үшін жауап­керші­лік қарастырылғанын еске салды.

Бөлісу:
Адал сайлау жолында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар