Саясат
1 мин оқу 300

Куәлік берілді

<p style="text-align: justify;">Орталық сай&shy;&shy;&shy;лау ко&shy;ми&shy;с&shy;сиясы&shy;&shy;ның ке&shy;зек&shy;ті оты&shy;&shy;ры&shy;сында Мей&shy;рам Қажы&shy;кенді Қазақстан Рес&shy;&shy;пуб&shy;ли&shy;&shy;касының пре&shy;зидент&shy;&shy;тігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.</p>

Куәлік берілді

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов баяндама жасады. Ол 2022 жылдың 4 қазанында Орталық сайлау комиссиясына «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтасты­ғы» республикалық кәсіп­одақ­тар бірлестігі М.Қажыкенді Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін – президенттік­ке кандидат М.Қажыкеннің және оның зайыбының активтер мен міндеттемелер жөнін­де декларация тапсырға­ны туралы мемлекеттік кіріс­тер органының анықтамасы; тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытындысы және облыстардың, респуб­ли­калық маңызы бар қала­лар­дың және Республика аста­на­сының аумақтық сайлау комис­сияларының М.Қажыкенді қол­дап жинаған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды.

Аталған хаттамаға сәйкес М.Қажыкенді қолдау мақсатын­да еліміздің 14 өңіріндегі 122 184 азаматтың қолы жиналды. Тексеру нәтижесінде 120 055 қолдың дұрыстығы анықтал­ды, яғни қажетті саны, кемінде 1% немесе 118 273 қамтамасыз етілді.

М.Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжат Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысы­мен Мейрам Зекешұлы Кажыкен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып тіркеліп, оған тиісті куәлік берілді.

Бөлісу:
Куәлік берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар