Аймақтар
2 мин оқу 852

Жанат – жыл кітапханашысы

<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласындағы &laquo;Фараб&raquo; кітапханасы оқырмандарға былтыр қыркүйек айынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебіне, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі ордаға айналып үлгерген облыстық &laquo;Фараб&raquo; әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова жуырда &laquo;Жыл кітапханашысы &ndash; 2022&raquo; атағымен марапатталды.</p>

Жанат – жыл кітапханашысы

Еліміз бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек біреуіне ғана берілетін мәртебені «Қа­зақ­стандық Кітапханалық Одақ» ЗТБ төрағасы Бақытжамал Оспа­­нова тапсырды. «Жыл са­йын Одақтың кезекті отыры­сы ұйымдастырылып, түрлі мә­селелер талқыланады. Биыл­ғы жиында «Мәдениет туралы» заң­ның 24-бабы – кітапхана ісі бойын­ша өзгеріс енгізу туралы қарас­ты­рылып, кітапханашы­лар өз ұсы­ныстарын білдірді. Әрі қарай заң жо­басы Парламент­ке ұсынылатын бо­лады. Ал атал­ған номинацияға лайық­ты болу үлкен жауапкерші­лік, се­нім артылғанын да білдіреді. Бұл – Түркістан облысындағы 395 кі­тапхананың бірлесе атқарған ең­бе­гінің нәтижесі», дейді Жанат Сә­ді­бекқызы. Сондай-ақ Ақтөбе об­­лы­сының мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­масы мен Ақ­төбе облыстық зағиптар және нашар көретін аза­маттардың арнаулы кітап­ханасының ұйымдастыруымен өткен «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясындағы «Кеңістік­те бағдарлау» республикалық бай­­қауының қоры­тын­дысы бо­йынша Түркістан облыс­тық «Фараб» әмбебап ғылыми кі­тап­ханасы III орынға ие болып, арнайы дипломмен мара­патталды. Екі ай көлемінде зағип, көзі нашар көретін бала­лар­ға арналған так­тильді кітап­тарды кітапхана қыз­мет­кер­лері Алия Жұмабек пен Дана Бай­дәу­летова, Айнұр Сұлтанбекова өз қолымен тіккен болатын.

Осы арада айта кетелік, жа­қында кітапхана қыз­мет­кер­лері осы күнге дейін ең көп кітап оқыған үш оқыр­ман­ды анықтады. Кітапхана қыз­­меткерлері бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып жыл соңында «Алтын формуляр» иесін арнайы марапатқа ұсын­бақ. Кітапхана директоры Жа­нат Шардарбекова формулярда оқыр­­манның кітапхана­дан алған кітап­тары жазылатынын, сондықтан жыл соңына дейін «Алтын формуляр» иесі атанып, сый-сияпатқа ие болуға әркімнің-ақ таласы барын айтады. Ал бүгінге де­йін өңірде ең көп кітап оқыған үш азаматтың бірі – Өтеген Ысқақұлы. Түркістан қа­ла­­сының тұрғыны Өте­ген қа­рия 40 жыл теміржол саласында жұ­мыс істеген. Зайыбы екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде сол пер­зент­терінен не­мере-шөбере сүйіп отыр­ған бақытты ата мен әже. Кітапхана ашылғалы бері бүгінге де­йін 38 кітап оқыған Өтеген қария жа­қында кітапханадан жазушы Тө­кен Әлжантегінің «Елең-алаң жал­ған-ай» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағын және Қанат Әбілқайырдың шығармаларын алған. Ал бүгінге дейін 23 кітап оқыған 23 жастағы Шерхан Саматұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Мамандығы – актер. Астанадағы қазақ ұлт­тық өнер университетін драма театр және кино әртісі мамандығы бойынша тәмам­даған жас маман өткен жылы Түр­­кістанда жаңадан ашылған сазды-дра­ма театрына қабылданған. За­ман­дастарын кітап оқуға деген да­ғ­­дыны мық­тап қалыптасты­ру­ға ша­қырған Шерхан жазушы Шыңғыс Айт­ма­тов пен Ілияс Есенберлиннің шы­ғар­маларын сүйіп оқиды екен. «Фараб» кітапханасына жиі бас сұғатындардың тағы бірі Жани­зат Сәдібекова Түр­кіс­тан­да­ғы Халықаралық туризм және меймандостық универсиетінің екін­ші курс студенті. Сабақтан соң, яғни түстен кейін міндетті түрде кітапха­наға баратын ол оқитын кітаптарының тізімін алдын ала жасап алады екен. Жоғарыда айтып өткеніміздей, алдағы уақытта ең көп кітап оқитындар қа­тары өзгеріп, ұлғая түсері анық.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Жанат – жыл кітапханашысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар