Әлем
1 мин оқу 290

Тегерандағы Эвин түрмесінде өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Иран астанасы Тегерандағы Эвин түрмесінде өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Иранның ресми IRNA агенттігінің хабарлауынша, Эвин түрмесінде отырған қылмыскерлер киімдерін әдейі өртеп жіберген. Осы аралықта ұсталғандар мен тәртіп сақшылары арасында төбелес болған. Кейін тәртіп сақшылары бақылауды өз қолдарына алды.

Кешке дейінгі жаңалықтарда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатқан хабарланған. Түрмедегі өрт пен атыс дыбыстары түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр.

Бөлісу:
Тегерандағы Эвин түрмесінде өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар