Теннис
1 мин оқу 167

Александр Бублик үздіктер қатарына енді

<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;&nbsp;</p>

Sports.kz жазғандай, үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орын испандық Карлос Алькарасқа тиесілі, екінші орында оның отандасы Рафаэль Надаль тұр, үшінші орында норвегиялық Каспер Рууд тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бес позицияны артқа тастап, 38-орынға тұрақтады. Тимофей Скатов алты сатыға төмен түсіп, 158-орынға түсті.

Жұптық сайыста америкалық Раджиев Рам көш бастап тұрса, британдық Джо Солсбери мен голландиялық Уэсли Кулхоф үшінші орында.

Қазақстандық Андрей Голубев 52-сатыдан 54-сатыға шегінді, ал Александр Недовесов 61-сатыға көтерілді.

Бөлісу:
Александр Бублик үздіктер қатарына енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар