Доллардың орташа бағамы белгіленді
<p style="text-align: justify;"><a href="https://kase.kz/ru/news/show/1490045/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">KASE </a> Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 3,78 теңгеге төмендеп, 472,92 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,54 теңгені (+0,01) құрады.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 65,56 теңге (-0,92) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 463,92 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 475-479 теңгеден, еуроны - 460-465,5 теңгеден, ресей рублін - 7,1-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар 17 қазандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.
Мәселен, желтоқсан Brent мұнай фьючерстерінің құны 0,8%-ға өсіп, барреліне 92,36 долларды құрады.
WTI-дегі қараша фьючерстері барреліне 0,71%-дан 85,25 долларға дейін көтерілді.