Аймақтар
3 мин оқу 993

Қоқыс өңдейтін кешендер

<p style="text-align: justify;">Табиғатқа қарсы жасалған тағылықтың бір көрінісі рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгуден байқалады. Мәселен, Атырау облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, &laquo;Қазақстан ғарыш сапары&raquo; ҰК&raquo; АҚ-ның ғарыштан мониторинг жүргізу қорытындысына сәйкес, 87 стихиялық қоқыс алаңы анықталған. Оның ішінде 30 қоқыс алаңы жеке иелікте екені белгілі болған.</p>

Қоқыс өңдейтін кешендер

Осыған байланысты Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қыз­метінен мәлім еткендей, шаһар аумағында 75 стихиялық қоқыс алаңы орналасқаны белгілі болған. «Қолдан жасалған» қоқыс алаңы рұқсат етілмеген аумақтарға құры­лыс қалдықтарын төгудің салда­рынан пайда болған. Осыған орай, әкімдіктің тапсырмасымен «Арнау­лы Автобаза» ЖШС-ның жа­ны­нан стихиялық қоқыс алаң­да­рын жою үшін жұмыс тобы құры­лып, құрылыс қалдықтарын тазар­туға «Арнаулы автобаза» серіктес­тігінен 30 жұмысшы мен 10 арнайы тех­ника тартылды. Осылайша, 35 алаң­нан 2 300 тонна қоқыс шығарылды.

Атырау облысында қатты тұр­мыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін екі кешенді салу­ға енді мән беріле бастады. Об­лыс­тық табиғи ресурстар және таби­ғатты пайдалануды реттеу бас­­қармасының басшысы Нұрлан Жан­тоқовтың мәліметінше, биыл қатты тұрмыстық қалдықтарды сұ­рыптау және қайта өңдеу көрсет­кішін 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Мұнайлы шаһарда жеке инвес­торлардың қаржысымен қатты тұр­мыстық қалдықтарды сұрыптап, өң­дейтін екі кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа кешендердің қуаты – жылына 225 мың тонна. Мәселен, «ПромЭкология» ЖШС-ның сұрыптау-өңдеу кешенінің құрылысы үшін қаланың сол жақ бө­лігінен 30 гектар жер телімі беріл­ген. Шаһардың оң жақ бөлі­гінен қоқысты қайта өңдеу зауы­тын салуға ниет білдірген «Грин­СитиКлининг» ЖШС-ға 5 гектар жер телімі бөлінген. Екі кешеннің құны 2,5 млрд теңгені құрайды.

– Биыл «ГринСитиКлининг» ЖШС-ның қаржысына салынып жатқан кешен іске қосылады. Ал «Промэкология» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтауды көздеп отыр. Жаңа кешендер нысаны пайдалануға берілгеннен ке­йін ескі қатты тұрмыстық қал­дық­тар полигонын қалпына кел­тіру жұ­мыстары басталады. Бұл жұмыстар толықтай іске асырылғаннан кейін 2025 жылға қарай ауаға таралатын жағымсыз иістер, сондай-ақ жер­асты суларының зиянды заттармен ластануы азаяды, – деді Н.Жантоқов.

Ал Жылыой аудандық әкімді­гінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тұрғын үйлерден шыға­рылған қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу жоспарланып отыр. Бұл ауданда мекемелердің қатты тұр­мыс­тық қалдықтарын сұрыптап, қайта өңдеумен айналысатын бір мекеме бар. 2019 құрылған «Экоқала ХХІ» ЖШС қайталама шикізат алу мақсатында жылына 30 мың тонна қатты тұрмыстық, 6 мың тонна азық-түлік, ауылшаруашылығы, 2 мың тонна құрылыс қалдықтарын жинап, оның 96%-ын қайта өң­дей­ді. Енді тұрғын үйлерден шыға­рылатын қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуді қолға алып отыр. Қазір тұрғын үй иелерімен келісім­шартқа отыру жүріп жатыр.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық өкілдігінің жетекшісі Ерлан Нұрлановтың айтуынша, аталған серіктестіктің 30 арнайы техникасы бар. Мұнда 100 адам жұмыс істейді.

– Серіктестікте автоматты жүк таразылары, қалдықтарды сұ­рыптау цехы, арнайы сұрыптау желісі, қайталама шикізат қоймасы, қалдықтарды кәдеге жарату картасы бар. Резервтік сақтау орны, құрылыс қалдықтарын сұрыптау, кәдеге жарату алаңы, арнайы көлік­тер мен контейнерлерді жуу, санитарлық тосқауыл орындары қа­растырылған. Бұрын кешен қуаты жылына 30 мың тоннаға есептелген болса, енді бұл екі есеге артатыны жоспарланып отыр, – дейді Е.Нұрланов.

Өткен сенбіде мұнайлы өңірде «Жер-Ана» атауымен сенбілік ұйымдастырылды. «Табиғатта қо­қысқа жол жоқ» деп аталған жал­пы ұлттық экологиялық акция­сы аясында өткен сенбілікке мың­нан аса адам қатысты. Оның ішін­де экология департаментінің мамандары, аймақтың атқарушы органдардың, кәсіпорындардың өкілдері, экобелсенділер мен студенттер бар. Қоқыстарды шығаруға 23 техника тартылды.

– Жыл сайын тұрғындар тарапынан бұл акцияға қатысу белсенділігі артып отыр. Бұл – өте керек іс-шара. Биыл Атырау облысында экологиялық сенбілік кезінде бес аумақ қамтылды. Сенбіліктен аудандар да шет қалған жоқ. Мақсат – қысқы маусымның алдында жаға­лауларды, саябақтар мен скверлерді қоқыстан тазарту. Іс-шара жұрт назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне, табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалып­тастырудың маңызына аударуға бағытталды, – дейді басқарма басшысы Н.Жантоқов.

Оның дерегіне қарағанда, сен­білікке қатысушылар 1 591 тал кө­­шетін еккен. Бір күнде облыс аума­ғынан 45 тонна қоқыс жинал­ды. Қоқыстың арасында қайта өңдеу­ге болатын қалдықтың кейбір түрі бар. Сол себептен сұрыпталған қо­қыс­тар арнайы кәсіпорынға қайта өңдеуге жіберілді. Бұл акция қазан айының соңына дейін жалғасады.

Атырау облысы

Бөлісу:
Қоқыс өңдейтін кешендер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар