Қоғам
1 мин оқу 740

Қысым өлшейтін құрал

<p style="text-align: justify;">Атырауда &laquo;Emerson&raquo; компаниясы жаңа цехты іске қосты. Облыс&shy;тық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшы&shy;сының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, мұнда ең озық технологиямен қысым өлшейтін құрал шығарылады.</p>

Қысым өлшейтін құрал

Жаңа цехта жергілікті үш адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта олардың қатары толыға түседі.

– Қысым өлшейтін құралды қолданбайтын сала жоқ деуге болады. Құбыр арқылы өндірілетін су, май, тамақ, мұнай, дәрі-дәрмек өндірісінде осындай құрал қол­да­ны­лады. Мәселен тамақ өн­дірісінде, құбыр арқылы өтетін сұ­йық майдың қысымын операторлар дәл процесс кезінде бақылауы керек. Сол жұмыс осы датчик арқылы жү­зеге асырылады. Бұл датчикті жасау құ­рылымы 13 компьютерден өтіп, соңғы нұсқа тексеріске жіберіледі, – дейді цех маманы Берік Жұмағалиев.

Жаңа цехтың өніміне мұнай сала­сынан бір компаниядан тапсырыс түсіпті. Болашақта тапсырыс беретін тұтынушылар қатарын көбейту көзделіп отыр. Экспортқа да шығару жоспарланған.

Атырау облысы

Бөлісу:
Қысым өлшейтін құрал · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар